Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
№ 289-ө бұйрығына
1-қосымша
Әлеуметтік жеке код беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) әлеуметтік жеке кодты беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысымен бекітілген уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке кодты беру тәртібі негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті:
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - ЗТМО құрылымдық бөлімшесі) тұтынушының тұратын жері бойынша ЗТМО құрылымдық бөлімшесінің ғимаратында;
2) Астана қ. Манас көшесі 2 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігін беру болып табылады (бұдан әрі - ӘЖК).
7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет тұтынушы тіркеу кәртішкесін толтырған және тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі;