Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
№ 289-ө бұйрығына
4-қосымша
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесімен (бұдан әрі - Ережелер) реттеледі.
4. Мемлекеттік қызмет зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті:
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - ЗТМО құрылымдық бөлімшесі) тұтынушының тұратын жері бойынша ЗТМО құрылымдық бөлімшесінің ғимаратында;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органы), тұтынушының тұратын жері бойынша Комитеттің аумақтық органының ғимаратында көрсетеді.