2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/6 шешімі
(2008.20.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № С-23/5 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кодексі 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің» (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі) 63 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2008.17.01. № С-7/5 (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.14.04. № С-11/5 (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.11.07. № С-13/5 (бұр.ред.қара); 2008.22.09. № С-15/5 (бұр. ред. қара); Көкшетау қалалық мәслихатының 2008.20.11. № C-17/5 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2008 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 9 001 846,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 768 838 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 120 701 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 824 605 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 3 287 702,4 мың теңге.
2) шығындар - 9 417 285,6 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 415 439,2 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелендіру - - 153 905 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелерді төлеу - 153 905 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 301 529 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін алу - 303 729 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 200 мың теңге;
6) бюджеттік тапшылық (профицит) - -563 063,2 мың теңге;
7) бюджеттік тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) 563 063,2 мың теңге.