«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Протездік-ортопедтіқ көмек көрсету үшін мүгетектерге құжаттарын ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1964 қаулысы
(2008.08.09. берілген өзгерістермен)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылдың 17 шілдедегі №824 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» № 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулыларына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесінің «Протездік-ортопедтік көмек көрсету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсан
№ 1964 қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Протездік-ортопедтік көмек көрсету үшін мүгедектердің
құжаттарын ресімдеу»
1. Негізгі ұғымдар
1. Протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- ішінара автоматтандырылған.