Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 ж. 24
желтоқсандағы № 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2002 ж. 27 желтоқсандағы № 806 бірлескен бұйрығы
(2007.06.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрi жетiлдiру мақсатында бұйырамыз:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсiн.
2. 2000 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң № 65 бұйрығымен және 2000 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң № 388 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықтың күш жойылды деп есептелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы -
| Сыртқы істер министрі | Тоқаев Қ.К. |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
| генерал-полковник | Сүлейменов Қ.Ш. |
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
генерал-лейтенант
2002 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысы -
Сыртқы iстер министрінің
2002 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 08-1/77 бұйрығымен және
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 806 бұйрығымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЗАЛАРЫН БЕРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ереже
1. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, жарамды паспорты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша мемлекеттік шекарадағы халықаралық және екi жақты қатынастар үшiн ашық өткізу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.