Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтiк біліктiлiк
талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 ж.
23 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығы
(2006.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтiк біліктiлiк талаптары бекiтілсін.
2. "Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi Төрағасының 2003 жылғы 17 наурыздағы № 02-01-02/27 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін Мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2219 тiркелген, 2003 жылғы 9 сәуiрде № 100-101 (24040-24041) "Казахстанская правда" және 2003 жылғы 11 сәуiрде № 83-86 (23296) "Егемен Қазақстан" газеттерiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
"Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарының санаттарына
типтік біліктілік
талаптарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
Агенттігі Төрағасының
2004 жылғы 23 қаңтардағы
№ 02-01-02/9 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының
санаттарына типтік біліктілік талаптары
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005.11.02. № 02-01-02/21 (бұр. ред. қара); 2005.19.05. № 02-01-02/65 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен өзгерістер енгізілді
1. Осы типтік біліктілік талаптары мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының А, В, С, D, E санаттары топтарына тағайындалған және оларға қатысты лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға ұсынылады.