2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 41 шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 29 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 41 542 075 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 5 314 905 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 63 286 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3 223 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 36 160 661 мың теңге;
2) шығындар - 41 397 175 мың теңге;
3) операциялық сальдо -144 900 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 0 теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;
7) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін:
жеке табыс салығы аудандық бюджеттерінен - 0 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50 пайызға;
әлеуметтік салық аудандық бюджеттерінен - 10 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 57,3 пайызға.
3. Аудандық бюджеттерге берілетін субвенциялардың көлемі 13 164 912 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:
мың теңге
Арал ауданы 2226987
Қазалы ауданы 2335279
Қармақшы ауданы 1630833
Жалағаш ауданы 1352382
Сырдария 1125440
Шиелі ауданы 2092007
Жаңақорған ауданы 2401984
4. Жергілікті бюджеттің орындалуы барысында 2-қосымшаға сәйкес шығындар секвестрлеуге жатпайтыны ескерілсін.