Біржолғы талондардың құны туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы № 5/4 шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2008.12.08. № 9/4 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қаласының базарларына тауарларды өткізу құқығына біржолғы талондардың құны базарлардың қимасында белгіленсін (1 қосымша).
2. Өскемен қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны белгіленсін (2 қосымша).
3. Өскемен қалалық мәслихатының «Біржолғы талондардың құны туралы» 2006 жылғы 23 қарашадағы № 27/3 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-45 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 23 желтоқсандағы «Дидар» газетінде, 2006 жылғы 26 желтоқсандағы «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың хатшысы