«Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттауды, оқып-үйренуді және қолдануды жандандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 9-шы маусымдағы
№ 3/333 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 1/96 қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 2/96 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ңышандарын насихаттау және қолдану жұмыстарын әрі қарай жетілдіру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 9 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттауды, оқып - үйренуді және қолдануды жандандыру жөніндегі іс - шаралар жоспарын» бекіту туралы № 3/333 қаулысына төмендегі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
2. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы «Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 9 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттауды, оқып - үйренуді және қолдануды жандандыру жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» № 3/333 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 2/189 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т. Сейдумановқа жүктелсін
Алматы қаласының әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы
21 ақпандағы № 1/96 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасынын, мемлекеттік нышандарын
насихаттауды, оқып-үйренуді және қолдануды жандандыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шаралар | Мерзімдері | Жауанты орындаушылар |
1. | «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялык Заңның мүлтіксіз жүзеге асырылуы үшін шаралар қабылдау | Тұрақты | С.Т. Сейдуманов А.Ғ. Балаева аудан әкімдері қалалық құрылымдардың жетекшілері |