Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысы
(2008.06.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 42 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20- баптарының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына , Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылы кәсіпорындардың қажеттілігіне сәйкес қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбелері, жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
2. «Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Рубинский В.И.) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. «Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Кураева Л.С.) 451-002-100 «Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.