Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 263 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 263 Қаулысы

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

«Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 263 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 263 қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

 

1. Қолдану саласы

 

1. Осы «Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және өнім беретін әрі өнім бермейтін жануарларды азықтандыруға арналған азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне, сондай-ақ шикізатқа, бастапқы материалдарға, реагенттерге және оларды өндіру, өткізу, тасымалдау, қолдану, сақтау және жою процестеріне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.

Техникалық регламент жануарларға арналған азық, жартылай фабрикаттар немесе пайдаланылатын технологиялардың ерекшеліктеріне қарамастан басқа да азықтарды өндіруге арналған шикізат ретінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын), сондай-ақ айналымға арналған азықтарға және азық қоспаларына қолданылады.

Осы Техникалық регламенттің күші әсер ететін өнім түрлері мен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша оның кодтары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

Осы Техникалық регламент жеке қолдануға арналған және генетикалық түрлендірілген өсімдік және/немесе басқа шикізаттан дайындалған, үйде (фермерлік) дайындалған азыққа және азық қоспаларына қолданылмайды.

2. Осы Техникалық регламенттің талаптары азықты және азық қоспаларын өндіруге (дайындауға), тасымалдауға, сақтауға, сатуға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.

3. Өндіру (дайындау), сақтау және қолдану процесінде азық және азық қоспалары, сондай-ақ шикізат мынадай жағдайларда жануарлардың, мал шаруашылығының өнімін пайдаланатын адамдардың денсаулығына және өміріне қатер тудыруы мүмкін:

1) радиациясы жоғары немесе құрамында ауыр металдардың тұздары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға немесе геохимиялық аудандарға жақын дайындау кезінде қауіптілік туындағанда;

2) санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін сапасыз немесе жасанды шикізатты және буып-түю материалын пайдаланғанда;

3) жануарлардың улануына ықпал ететін азықтарды өңдеудің (патогендік микроорганизмдердің көбеюі, уыттардың жиналуы) технологиялық режимдерін сақтамағанда;

4) кеміргіштермен, жәндіктермен күрес құралдарын дұрыс қолданбағанда және сақтамағанда;

5) құрамында химиялық заттардың (консерванттардың) мөлшері жоғары консервіленген азықтарды қолданғанда.

4. Ықтимал зиянды әсердің алдын алу жөніндегі тәуекелді басқару мынадай сатыларда жүзеге асырылады:

1) азық және азық қоспаларын дайындау;

2) азық және азық қоспаларын өндірудің (дайындаудың) технологиялық процестері;

3) азық және азық қоспаларын тасымалдау және сақтау;

4) азық және азық қоспаларын кәдеге жарату және жою.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар

 

5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) азық және азық қоспаларының қауіпсіздігі - азық және азық қоспаларын әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;

2) азық - жануарларды азықтандыру үшін қолданылатын, жұғымды пішіндегі қоректік заттары бар және жануарлардың саулығына зиянды әсер етпейтін өсімдіктерден, жануарлардан алынатын, минералды, микробиологиялық, химиялық өнімдер;

3) азық қоспасы - жануарлардың рационында жетпейтін қоректік және минералды заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералды және (немесе) синтетикалық заттар;

4) азықтық құндылық - олар болған кезде жануарлардың қажетті заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігі қанағаттандырылатын азық қасиеттерінің жиынтығы;

5) жануарлар - үй, жабайы, зоосаябақ, цирктік, зертханалық, сәндік, терісі бағалы, теңіз жануарлары мен басқа гидробионттардың, құстардың, аралардың, балықтардың барлық түрлері;

6) жарамдылық мерзімі - азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау), айналымы процестерінің (сатыларының) шарттарын сақтау кезінде мақсатты пайдалану үшін азық және азық қоспасы қауіпсіз болып саналатын кезең;

7) құрама жем - белгілі бір түрі, типі және өнімділігі бойынша жануарларды толық азықтандыруды қамтамасыз ететін түрлі азық және азық қоспаларының қажетті мөлшеріне дейін қоспалардан тазартылған және ұсақталған қоспа;

8) металл магнитті қоспа - магнитке тартылуға қабілетті азықта немесе азық қоспасында қамтылған түрлі өлшемді және пішінді металл бөлшектері;

9) өнімділігі жоғары жануарлар - мал шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылған немесе пайдаланылуы мүмкін жануарлар;

10) өнімділігі аз жануарлар - мал шаруашылығы өнімдерін алу үшін мақсатты пайдаланылмайтын жануарлар;

11) пішен - шөпті сусыздандыру нәтижесінде алынған және құрамында ылғалдың үлес салмағы 17%-дан аспайтын азық;

12) пішендеме - кемінде 40% ылғалдыққа дейін дегдітілген және анаэробты жағдайларда сақталған вегетацияның ерте фазаларында жиналған шөптерден дайындалған азық;

13) патогендік микрофлора - жануарлардың ауруын қоздыруға қабілетті микроорганизмдер;

14) жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін өнім қауіпсіздігінің деңгейінен асып түсетін қатер;

15) сақтау мерзімі - азық немесе азық қоспалары белгіленген сақтау шарттарын сақтаған кезде нормативтік құжаттамада көрсетілген сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін сақтайтын уақыт кезеңі;

16) түйіршіктелген азық - нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес құрамында құрғақ заттары бар цилиндр немесе тік бұрыш пішінді белгілі бір өлшемде престелген майда ұсақталған жем;

17) қатер - азық және азық қоспаларының жануарлар саулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және жануарлардың өмірі мен саулығына қауіп тудыруға әкелетін осы әсердің салдары;

18) уыттылық - жануарлардың ауруына немесе жаппай қырылуын тудыруы мүмкін улы заттар құрамының рұқсат етілген деңгейден жоғары болуын сипаттайтын азық және азық қоспаларының қасиеті;

19) шикізат - азық және азық қоспаларын өндіру (пайдалану) үшін қолданылатын өсімдіктерден, жануарлардан, микробиология, химия және минералдардан алынатын объектілер;

20) ірі азық - құрамында 22%-дан аспайтын ылғал және 1 кг құрғақ затта 0,65 азықтық бірлік болатын азық.

 

 

3. Қазақстан Республикасының аумағында азық және азық

қоспалары айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

6. Ішкі сауда объектілерінде азық және азық қоспаларын сату және қолдану, сондай-ақ әкелу (импорттау) кезінде азық және азық қоспаларының нақты түрлеріне қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес азық және азық қоспаларын қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлар мен жағдайлар болуы қажет.

7. Қазақстан Республикасының аумағында азық және азық қоспаларының айналымы кезіндегі негізгі шарттар мыналар болып табылады:

1) азық және азық қоспаларының осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі;

2) азық және азық қоспаларының сәйкестігін растау (сәйкестік сертификаты және (немесе) сәйкестік белгісі немесе сәйкестік туралы декларация) құжатының болуы;

3) дайындаушының, жеткізушінің және (немесе) сатушының таңбалауында және (немесе) ілеспе құжаттарында азық және азық қоспалары туралы ақпараттың болуы.

Азық және азық қоспаларын сақтау және сату шарттары, мерзімі кез келген ластану және бұзылу ықтималдығын жоюға тиіс.

Сату мерзімін азық және азық қоспаларын стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес өндіруші (дайындаушы) белгілейді.

8. Сатуға мыналар жіберілмейді:

1) жарамдылық мерзімі өткен азық және азық қоспалары;

2) анық бұзылу белгілері бар азық және азық қоспалары;

3) шығарылған жерін растайтын құжаттары жоқ немесе оларға қатысты ақпараты жоқ азық және азық қоспалары;

4) ұсынылған құжаттарда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмейтін азық және азық қоспалары;

5) Техникалық регламентте көзделген мәліметтерді көрсете отырып таңбаланбаған азық және азық қоспалары.

Азық және азық қоспаларын сату кезінде арнайы жабдықтар, сондай-ақ таңбаланған сауда мүкәммалы (палаулықтар, тістеуіктер, қалақшалар және басқалары) қолданылады. Тікелей орамсыз материалдар таразыларында буып-түйілмеген азық және азық қоспаларын өлшеуге рұқсат етілмейді.

9. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) азық және азық қоспалары Қазақстан Республикасындағы азық және азық қоспаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелуге және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

10. Азық және азық қоспаларын әкелу (импорттау) стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген олардың қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін шарттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады.

 

 

4. Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) үшін

пайдаланылатын шикізаттардың қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар

 

11. Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) үшін жануарлар мен адамдардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз мекендерден (аумақтардан) алынған шикізаттарды пайдалануға тыйым салынады.

Азық және азық қоспаларын жануарлардан алынған тіндерден өндіруге (дайындауға) тыйым салынады.

12. Азық және азық қоспаларын өндіруге (дайындауға) арналған шикізаттарды дайындау, сақтау және тасымалдау шарттары Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

13. Сүрленген азық (кептірілген азық, пішендеме, сүрлем) табиғи немесе өңделген түрде азық ретінде және азық пен азық қоспаларының толық рационды құрамында шикізат ретінде қолданылады.

Кептірілген азық стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген сапа көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Көгеру, улы өсімдіктердің бөтен иіс белгілері болмауы тиіс.

Ірі азық (пішен, сабан) таза түрде және түйіршіктелген азық өндіруге арналған азық қоспасының құрамында шикізат ретінде қолданылады. Ірі азық құрамында көтерген бөліктер, улы өсімдіктер (жатаған кекіре, қоянбеде), бөтен иістер (борсыған, зең, шіріген), патогендік саңырауқұлақтар мен иеркөк болмауы тиіс.

Шикізат - құрама жем мен дәнді бұршақты азық дақылдарын (жаздық сиыржоңышқа, ноқат, азықтық бұршақтар, жасымық, азықтық бөрібұршақ, соя, бұршақ) өндіру үшін азықтық мақсаттарға жеткізілетін астық (бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, тары, жержаңғақ, күнбағыс дәндері, тритикале) құрамында қастауыш, қара күйе, зиянкестер мен бөтен қоспалар болмауы тиіс. Шикізат ретінде қолданылатын астық тиісті Техникалық регламентте белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.

Шикізат - тамыртүйнекжеміс және бақша (азық) дақылдарында көгеру белгілері болмауы және құрамындағы қауіпті және улы заттар белгіленген нормадан аспауы тиіс.

14. Шикізатты, жабдықты, буып-түю және қосалқы материалдарды (бұдан әрі - материалдар) сақтау дайын өнімнің (азық және азық қоспаларының) қауіпсіздігі мен оның жолай ластану мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Шикізат пен материалдарды сақтау кезінде, бірінші кезекте басқалардан ерте сақтауға түскен шикізат пен материалдарды қоймадан шығаруды көздейтін ротация жүйесі қолданылуға тиіс. Азық және азық қоспаларын сақтау үшін жәндіктер мен кеміргіштерді өткізбейтін арнайы үй-жайлар (имараттар) қолданылуы тиіс.

15. Консервіленетін ашытқылардың, ферменттердің, пробиотикалық дақылдардың, сүттің және сарысудың (құрғақ) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды орындауды оларды дайындаушылар қамтамасыз етуі тиіс. Азық және азық қоспаларын дайындауға арналған бұл өнімнің әрбір партиясы белгіленген нысандағы ветеринариялық құжаттармен қоса берілуі тиіс.

 

 

5. Азық және азық қоспаларын өндірудің (дайындаудың)

қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

16. Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс аймағының ауасында өзіне жарықтандырудың, микроклиматтың, шудың, тербелістің және шаң мен зиянды заттардың қажетті деңгейін белгілеуді қамтиды.

17. Азық және азық қоспаларын өндіруге арналған технологиялық жабдықтар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

18. Технологиялық процестердің (кептіру, ұсақтау, түйіршіктеу, консервілейтін заттарды, ашытқыларды енгізу, булау, пастерлеу, стерильдеу) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар осы өнімге нормативтік-техникалық құжаттаманың нормалары мен талаптарын сақтауды көздейді. Технологиялық процестердің қауіпсіздігіне олардың сақталуына өндірістік бақылау жүргізу жолымен кепілдік беріледі.

19. Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

1) өнімділігі жоғары күйіс қайыратын жануарларға арналған азық құрамында балық және сүтқоректілерге жатпайтын басқа гидробионттарды қоспағанда, кез келген жануардан алынған құрамдас бөліктер болмауы тиіс;

2) өнімділігі жоғары құстарға арналған азық құрамында күйіс қайыратын жануарлардың, жыртқыш жануарлардың, сондай-ақ құстардың құрамдас бөліктері болмауы тиіс;

3) өнімділігі жоғары шошқаларға арналған азық құрамында күйіс қайыратын жануарлардың, жыртқыш жануарлардың және шошқалардың құрамдас бөліктері болмауы тиіс;

4) ірі қараның губка тәрізді энцефалопатиясы бойынша қолайсыз елдерден әкелінген өнімділігі жоғары жануарларға арналған азық құрамында балық пен сүтқоректілерге жатпайтын басқа гидробионттарды қоспағанда, кез келген жануардан алынған құрамдас бөліктер болмауы тиіс.

Консервіленген азықтар қауіпсіздігінің өлшемдері, оның ішінде өнеркәсіптік стерильділік консервілердің нақты түрі, сондай-ақ жануарлардың саулығы үшін қауіпті микроорганизмдер мен микробтық уыттар үшін белгіленген сақтау температурасында дамуға қабілетті микроорганизмдердің жоқтығы болып табылады.

20. Өндіру (дайындау) кезіндегі азық және азық қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігі жеке өндірістік бақылау мен ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу арқылы тексеріледі.

21. Азық және азық қоспаларының құрамындағы уытты элементтер, патогендік микроорганизмдер, микотоксиндер, нитриттер, нитраттар, пестицидтер, гербицидтер, радионуклидтер, маркерлік полихлорланған бифенилдер ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсат етілген ветеринарлық нормативтерден (көрсеткіштерден) аспауы тиіс.

22. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген (дайындалған) және әкелінген (импортталған) азық және азық қоспалары Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуі тиіс.

 

 

6. Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) жөніндегі

объектілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

23. Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) жөніндегі объектілерді орналастыру ветеринарлық-санитарлық қорытынды болған кезде жүзеге асырылады.

24. Барлық объектілерге Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік нөмірлер беріледі.

25. Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) объектісі жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлы аумаққа орналастырылады және ветеринарлық-санитарлық ережелер талаптарын сақтай отырып пайдаланылады.

26. Ғимараттар және өндірістік имараттар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

1) технологиялық желі мен нормативтік құжаттарға сәйкес шикізаттар мен материалдар өндіру (дайындау), сақтау үшін жабдықтарды орналастыру мүмкіндігі;

2) шикізат дайындау, азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) және сақтау үшін микроорганизмдермен, балшықпен, реактивтермен, басқа да ластану түрлерімен ластануды болдырмау үшін қалқалармен бөлу және/немесе жеке үй-жайлар;

3) өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған қолданыстағы нормативтерге сәйкес экрандау немесе құстардың, жануарлардың және жәндіктердің кіруінен қорғайтын басқа да шаралар талап етілетін үй-жайларды тиімді желдету.

27. Өндірістік ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау арнаулы бөлінген және мынадай талаптарға жауап беретін тиісті түрде ұйымдастырылған ұйытқы бөлімшесінде жүргізіледі:

1) үй-жайлардан оқшауланған негізгі тұтынушы цехтармен бірге бір өндірістік корпуста орналасуы;

2) ұйытқылар мен дақылдарды микроорганизмдерден, бактериофагалардан және басқа да ластағыштардан қорғауды қамтамасыз ететін жағдай жасалатын және ұсталатын жеке үй-жайлардың болуы;

3) ағынды-сорғыш желдеткіштің және (немесе) ауаны тазартатын және өңдейтін басқа тиімді жүйенің болуы.

Өндірістік ұйытқы және белсенді бакконцентраттар дайындау (жасау) кезінде ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың сапасын бақылау өндірістік бақылау бөлімшелерінің өндірістік циклының барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

28. Өндіріс (дайындау) объектілері:

1) қоршаған орта мен өнеркәсіптік қызметті ластайтын объектілерден;

2) су тасқыны болуы мүмкін өңірлерден;

3) зиянкестер шабуылына ұшырауы мүмкін аудандардан;

4) өндірістік қалдықтар (қатты немесе сұйық) тиімді жойылмайтын аудандардан алыс орналасуы тиіс.

 

 

7. Азық және азық қоспаларын сақтау, тасымалдау, таңбалау және буып-түю кезіндегі

қауіпсіздікке қойылатын талаптар

 

29. Азық және азық қоспалары белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде жануарлар тұтыну үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда арнайы қоймалық үй-жайларда сақталады.

30. Өндіруші (дайындаушы) азық және азық қоспаларының түріне және өндіру (дайындау) тәсіліне байланысты жарамдылық мерзімін, оларды сақтау және тасымалдау шарттарын белгілейді.

Азық және азық қоспаларын жанар-жағармай материалдарымен және ерекше иісі бар тамақ өнімдермен бірге сақтауға және тасымалдауға рұқсат етілмейді.

31. Азық және азық қоспалары ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен азық қорларының зиянкестерімен залалданбаған құрғақ, таза көлік құралдарымен тасымалданады.

32. Азық және азық қоспаларын таңбалау, буып-түю Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

 

8. Азық және азық қоспаларын жою кезіндегі

қауіпсіздікке қойылатын талаптар

 

33. Азық және азық қоспалары мынадай жағдайларда айналымнан алынып тасталады:

1) Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы мен осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) олардың шыққан жері мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттары келмесе;

3) бұзылу, ластану, жағымсыз иістің анық белгілері болғанда;

4) жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары табылғанда.

34. Айналымнан алынған азық және азық қоспалары ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтуге тиіс, оның нәтижесі бойынша олардың қауіпсіздігі анықталады.

35. Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың нәтижесі бойынша жануарлардың саулығына қауіпті деп танылған азық және азық қоспаларын жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

9. Азық және азық қоспаларының сәйкестігін растау

 

36. Азық және азық қоспаларының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

10. Үйлестірілген нормативтік құжаттардың тізбесі

 

37. Осы Техникалық регламент белгілеген талаптарды орындауды қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесі (дәлелдеме базасы) осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.

38. Өнімге арналған стандарттарда Осы Техникалық регламенттің талаптары орындау үшін міндетті болып табылады.

39. Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз ететін азық және азық қоспалары бойынша қолданылатын қолданыстағы стандарттарды үйлестіру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

 

11. Қолданысқа енгізілу мерзімі мен шарттары

 

40. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

41. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар осы Техникалық регламентке сәйкес келтірілгенге дейін осы Техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

 

Техникалық регламентке

1-қосымша

 

Техникалық регламенттің күші қолданылатын

өнім түрлерінің тізбесі

 

Р/с

Өнім түрлері

СЭҚ ТН коды

1

2

3

1

Жемдік астық:

1) бидай

2) арпа

3) қара бидай

4) жүгері

5) тары

6) құмай жүгері

7) жер жаңғақ

8) күнбағыс дәні

9) тритикале

10) сұлы

 

1001

1003 00

1002 00 000

1005

2

Дәнді-бұршақты азықтық дақылдар:

1) жаздық сиыржоңышқа

2) ноқат

3) азықтық бұршақтар

4) ұсақ дәнді жасымық

5) әйкен

6) азықтық бөрібұршақ

7) соя

8) бұршақ

0708

1214

0713 50 000 0

3

Ағаш көгінен жасалған витаминдік ұн, азықтық балдырлы ұн және жарма

  

4

Ұн тарту жарма өнеркәсібінің азықтық өнімі:

1) кеуектер

2) азықтық ұн

1103

 

 

1214 90

5

Май шайқау өнеркәсібінің азықтық өнімдері

Күнжаралар:

1) соя

2) жержаңғақ

3) күнбағыс

4) мақта

5) зығыр

6) рапс

7) қара сора

8) сарбас

9) күнжіт

Шроттар:

10) соя

11) жержаңғақ

12) күнбағыс

13) мақта

14) зығыр

15) рапс

16) қара сора

17) майкене

18) жүгері

 

 

2306 90 900 0

2304 00 000

2305 00 000 0

2306 30 000 0

2306 10 000 0

2306 20 000 0

2306 41 000 0

6

Жүгері азықтық тұнба гидраты

2306 70 000 0

7

Сыра қайнататын өнеркәсіптің азықтық

өнімі:

1) арпа уыты

2) сыра сағы

3) мия өскіні

2303 30 000 0

8

Крахмалсірне өнеркәсібінің азықтық

өнімі:

1) жүгері жемі

2) бидай жемі

3) жүгері глютені

2303 10 100

9

Спирт өндірісінің азықтық өнімі:

1) астық картоп бардасы

2) меласса шөбі

 

2303 30 000 0

10

Қант өнеркәсібінің азықтық өнімі:

1) қызылша жомы

2) сірне

3) меласса

 

2303 20 110 0 

 

2309 90 910 0

11

Астық былжыры

  

12

Жүгері былжыры

  

13

Бидай былжыры

  

14

Арпа былжыры

  

15

Қара бидай былжыры

  

16

Картоп былжыры

  

17

Консерві және көкөніс кептіретін

өнеркәсіптің жемдік өнімі:

1) жеміс сығындысы

2) жидек сығындысы

3) көкөніс сығындысы

 

2308 00 400 0

18

Құрама жемдерді өндіру үшін қолданы-

латын мал шаруашылығының өнімі және

оны қайта өңдеудің жанама өнімдері

1) ет және құс өңдеу өнеркәсібінің

азықтық өнімдері:

ет ұны

ет-сүйек ұны

қанды ұн

сүйек ұны

гидролизді қауырсын

сүйек жартылай фабрикаты

жануарлардан алынатын азықтық май

2) балық өнеркәсібінің азықтық өнімі:

балықтан жасалған азықтық ұн

сүт көректілерден жасалған

шаян тәрізділер мен омыртқасыздар

 

 

1506 00 000

 

 

 

 

 

1516

 

 

1503 00 900 0

 

1504

0307 60 000 0

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!