Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жерге ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатының 2001 жылдың 27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешімі
Осы редакция 2007 жылғы 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес облыс әкімияты енгізген ұсынысын қарап, облыстық мәслихат шешті.
1. Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары (қосымша 1), жерге ақы төлеу базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттері бекітілсін (қосымша 2).
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
Қосымша № 1
1. Аймақ Төреқұлов, Тимирязев, Иляев, ,Адырбеков көшелерімен, Тәуке хан даңғылымен, Қонаев бульвармен, сондай-ақ Түркістан, Нариманов, Желтоқсан көшелермен шектелген жер учаскелері;
2. Аймақ Нариманов, Қазыбек би, Диірмен, Әйтеке би, Қалдаяқов, Павлов көшелерімен Қошқар-ата каналымен шектелген жер учаскелері;
3. Аймақ Тәуке хан даңғылымен, Гоголь, Майлы қожа, Гоголь, Адырбеков, Луначарский, Қазыбек би көшелермен және Қонаев бульвармен шектелген жер учаскелерін;
4. Аймақ Темірлан тас жолы, Ф.Үркімбаев, Рысқұлов, Желтоқсан көшелеріне орналасқан және Луначарский, Адырбеков, Төле би, Привокзальная, Қабанбай батыр даңғылымен шектелген жер учаскелері;
5. Аймақ Темірлан тас жолы, Мангелдин, Гюго, Крейсер Аврора, М.Маметов, Рысқұлбек, Ф. Үркімбаев, Нариманова, Кремлевская, Громов, Таштракт, Володарский көшелермен бірге К.Цеткин өткілі, Қабанбай батыр даңғылы және Қошқар-ата каналы кіріп, Мәделі қожа, Тимирязев, Төреқұлов, Шаймерденов, Аймауытов, акад. Жолдасов, Орынбай батыр, Ақ-Назар хан, Адырбеков көшелері Шымкент каналы, Тәуке-хан даңғылы мен шектелген жүр учаскелері;