Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған IV сессиясының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 47 шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 85 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2008 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 18 977 939 мың теңге; оның ішінде:
салықтық түсімдері - 10 847 290 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 57 145 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 765 510 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 5 305 994 мың теңге;
2) шығындар - 18 110 800 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 867 139 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 919 139 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 938 250 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 19 111 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -52 000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 52 000 мың теңге:
2. Бюджет кодексінің 49 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 35 шешімімен Қарағанды қаласы бюджетіне келесі көлемдегі аудару нормативтері бекітілді:
жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыз.
3. 2008 жылға арналған қала бюджет кірістерінің құрамында облыстық бюджеттен 5 307 994 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер және трансферттер қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
8 597 мың теңге мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауатылыққа үйретуге;
18 035 мың теңге электрондық үкімет шеңберінде адами капиталын дамытуға;