Қостанай облысы бойынша 2008 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесін бекіту туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 138 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 238 қаулысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 361 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қостанай облысы бойынша 2008 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесін бекіту туралы» Костанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 138 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3595, 2008 жылғы 12 наурыздағы № 31 «Қостанай таңы», 2008 жылғы 12 наурыздағы № 37 «Костанайские новости», өзгерістер енгізілді: «Қостанай облысы бойынша 2008 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесін бекіту туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 138 қаулысына толықтыру енгізу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 17 наурыздағы № 174 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3630, 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 46 «Қостанай таңы», 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 57 «Костанайские новости») мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Қосымшадағы 4-тармақ алынып тасталсын;
Қосымшадағы 23-тармақта «Объектінің атауы» бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «ВАЗ-21053» автомашинасы, мемлекеттік нөмірі Р 670 СН, 1994 жылы шығарылған»;
Қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.