Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 421/10 қаулысы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 97/2 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабы 4-тармағына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін іске асыруды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С. Д. Асановқа жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі | Б. Демеуов |