Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 4 сәуірдегі
№ 99 қаулысына
қосымша
Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу»
(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 88 тармағы;
2) Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда № 3193 тіркелген «Жеңілдіктер беру туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 317 шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімі.
Ақтөбе облысының әкімиятының 2008.3.12. № 410 қаулысымен 6 тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)