Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20- баптарының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына , Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылы кәсіпорындардың қажеттілігіне сәйкес қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбелері, жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
2. «Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Рубинский В.И.) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. «Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Кураева Л.С.) 451-002-100 «Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 151 (тіркеу нөмірі 9-1-65, 2007 жылғы 20 ақпандағы № 14 «Қостанай» газеті, «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 151 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 1038 қаулысымен, тіркеу нөмірі 9-1-80, «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 151 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 08 мамырдағы № 1958 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, тіркеу нөмірі 9-1-90, 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 74 «Қостанай» газеті») қаулысының күші жойылды деп есептелсін.