Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешімі
(2009.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 276 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (қоса беріліп отырған) бекітілсін.
2. Қостанай қалалық Мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы» 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 (тіркеу нөмірі 2215, 2003 жылғы 29 мамырдағы № 5 «Қостанай» газеті), «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы» Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2003 жылғы 12 қарашадағы № 9 (тіркеу нөмірі 2591, 2003 жылғы 27 қарашадағы № 135 «Қостанай» газеті»), «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы» Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 17 ақпандағы № 34 (тіркеу нөмірі 2812, 2004 жылғы 25 наурыздағы № 33 «Қостанай» газеті) шешімдері күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, 2 сайлау
округы бойынша депутаты
Қалалық Мәслихат хатшысының
міндеттің атқарушы
Мәслихатының
2006 жылғы 6 қазандағы
№ 304 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.