Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту
Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы № 197 қаулысы
(2008.25.09. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облысы әкімиятының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Құмар Іргебайұлы Ақсақаловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс Әкімінің міндетін атқарушы | А. Савченко |
Облыс әкімиятының
2008 жылғы № 20 мамырдағы
№ 159 қаулысымен
бекітілген
«Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: «Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау».
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 119 бабы, және «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.