2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 33-716қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 33-408қ Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 44-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.
2. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы және Сарыарқа аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында қалалық шақыру комиссиясы бекітілсін.
2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы бекітілсін.
3. 3-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
4. 4-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
5. 5-қосымшаға сәйкес Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.