Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 26 мамырдағы № 82 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 Қаулысымен күші жойылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4446 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы № 201 (1007) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 78 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4666 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережесінде:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен жасалған ерікті, ерікті кәсіби жарналар туралы шарттың көшірмесін;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: