Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын
аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 Қаулысы
(2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-1-бабына, 41-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Агенттік Басқармасының «Жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан аудару ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 24-мамырдағы № 146 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2928 тіркелген, 2005 жылы 4-қарашада «Юридическая газета» газетінде № 204-205 (938-939), «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде» жарияланған, 2004 жыл, № 25-28, 951-құжат);