«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бақылау және қадағалау қызметінің жағдайы туралы»
№ 9 нысанды мәліметтердің және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықтың бекітілуі туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының
2008 жылғы 13 маусымдағы № 70 н/қ Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарының бақылау және қадағалау қызметтерінің есепке алынуын одан әрі оңтайландырылуы және жетілдірілуі мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бақылау және қадағалау қызметінің жағдайы туралы» № 9 нысанды мәліметтер 1 қосымшаға сәйкес;
2) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бақылау және қадағалау қызметінің жағдайы туралы» № 9 нысанды мәліметтердің құрылуы бойынша Нұсқаулық 2 қосымшаға сәйкес.
2. Бас Прокурордың орынбасары - Комитет Төрағасының 2005 жылғы 8 ақпандағы «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бақылау және қадағалау қызметінің жағдайы туралы» № 9 нысанды мәліметтердің және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықтың бекітілуі туралы» /2006 жылғы 1 маусымдағы № 53 н/қ бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен/ № 11н/қ бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылғаннан соң күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын Комитетің ұымдастуры-бақылау жумысы басқармаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
Төрағасының бұйрығына 1 қосымша
2008 жылдың 13 маусымға
№ 70 н/қ
«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының