2008/2009 оқу жылына жоғарғы білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 368 Бұйрығы
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарындағы мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 591 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2008/2009 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) 2008/2009 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев):
1) білім беру гранттарының иелеріне білім беру қызметтерін ұсынатын жоғары оқу орындарын анықтау жөніндегі жұмысты белгіленген тәртіппен ұйымдастырсын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған студенттер контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 23 маусымда
№ 368 бұйрығымен
Бекітілген