ҚР СТ 2.110-2006
G10, G25 өнеркәсіптік газ есептегіштер
Типті бекіту мақсатында сынақтың типтік бағдарламасы
Мазмұны
1. Қолдану саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Анықтамалар және қысқартулар
4 Жалпы ережелер
5. Техникалық құжаттамаларды қарау
6. Үлгілерді эксперименттік зерттеу
7. Эксперименттік зерттеулерді жүргізу әдістері
8. Зерттеу нәтижелерін рәсімдеу
А қосымшасы (міндетті) Есептегіштерді сынаудың типтік бағдарлама қосымша титулды парақ пішіні
Б қосымшасы (ұсынылатын) Есептегіштерді сынаудың нормативтік құжаттар және техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі ведмосының пішіні
Қосымша (анықтамалық) Библиография
Енгізілген күні 2007.07.01
1 Қолдану саласы
Осы стандарт газ көлемін өлшейтін және ГОСТ 28724, ГОСТ 8.324 метрологиялық талаптарына және (немесе) дайындаушының нормативтік және техникалық құжаттамасына сәйкес келетін 10,00 - 25,00 м3/ч шегіндегі шығында өнеркәсіптік қажеттілік үшін қолданылатын газ есептегіштерінің (бұдан әрі есептегіштер) типін бекіту мақсатында сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
Стандарт мемлекеттік метрологиялық қызметтің, мемлекеттік басқару органдарының, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында іс-әрекетін іске асыратын заңды және жеке тұлғалардың қолдануына арналған.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер қолданылған:
ҚР СТ 1.3-2000 ҚР МӨЖ. Нормативтік техникалық шарттарды әзірлеу, келісу, бекіту және мемлекеттік тіркеу тәртібі.
ҚР СТ 2.1-2000 ҚР МӨЖ. Терминдер және анықтамалар.
ҚР СТ 2.21-2001 ҚР МӨЖ. Сынақтарды жүргізу және өлшем құралдарының типін бекіту тәртібі.
ҚР СТ 2.6-2003 ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтардың типтік бағдарламасы. Әзірлеу тәртібі.
ҚР СТ 2.44-2002 ҚР МӨЖ. Жұмыс өлшем құралдарының салыстырып тексеру аралық интервалын анықтау.
ГОСТ 2.114-95 МӨЖ. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Техникалық шарттар.
ГОСТ 2.601-95 МӨЖ. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Пайдалану құжаттары
ГОСТ 8.417-2002 МӨЖ. Физикалық шамалар бірлігі.