Маңғыстау облысы әкімдігінің
2008 жылғы 9 шілдедегі
№ 512 қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу»
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы:
Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Осы стандарт барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 8-бабының 6 тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы(бұдан әрі - Басқарма) көрсетеді.
Қызмет көрсету орны: Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100 ғимарат., 105, 106, 107 бөлмелері.
Электрондық поштасының мекен-жайы: moup@mail.ru., сайт: tabigat.mangystau.kz
5. Жер қойнауын пайдаланушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) кепілдік шартты тіркеу жөніндегі акті болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет құзыретті органдармен барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған кепілдік шарттары жасалған жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуді беру мерзімі:
тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - он күннің ішінде;
қажетті құжаттарды тапсыруы кезінде кезек күтудің ең ұзақ уақыты: 15 минутке дейін.
құжаттарды алуы кезінде кезек күтудің ең ұзақ уақыты: 15 минуттан аспайтын.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
9. Ақпараттық және анықтамалық тағандар Басқарманың 106 кабинетінде орналастырылған.