Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 512 қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 145 қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы үкіметінің «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырғанмемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары бекітілсін:
1) «барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу»;
2) «барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу»;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ө.Трұмовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
М.М. Әбдірахманов
С.Ө. Трұмов
С.А. Бермұхамедов
Е.А. Бектұрғанов
А. Әбдешұлы
М.С. Сайдазимова
Б.А.Бисенов
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасының бастығы
«____» ____________ 2008 жыл