«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттік мекемесі туралы
Ақтау қаласы әкімдінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 845 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру нұсқаулығы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру нұсқаулығы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ақтау қалалық әкімдігінің 17.08.2007 жылғы № 1167 қаулысының және Ақтау қалалық әкімдігінің 14.07.2008 ж. № 700 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.А. Клинчевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С. Бекбергенов |
БЕКІТІЛДІ:
Ақтау қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 15 тамыздағы
№ 845 қаулысымен
1-Қосымша
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
I. Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына, ҚР Салық кодексіне, ҚР Кеден кодексіне сәйкес әзірленді және «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастырудың тәртібін айқындап белгілейді.