Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын
жаңа редакцияда бекіту туралы
Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 15 тамыздағы № 126 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкесҚостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамы жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 18 мамырдағы № 445 «Қостанай облыстық әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі
Қостанай облыстық мәслихатының
2008 жылғы 15 тамыздағы № 126
шешіміне қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің
дербес құрамы
Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов | - Қостанай облысы әкімінің орынбасары, төраға |
Тамара Сәлімқызы Жақыпова | - «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, төрағаның орынбасары |
Татьяна Владимировна Зуева | - «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің саяси партиялармен және үкіметтік емес бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы, хатшы |
| Кеңес мүшелері: |
Мұрат Телғараұлы Әбенов | - Қазақстанның «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Қостанай филиалының директоры (келісім бойынша) |
Римма Шыңғысқызы Бектұрғанова | - Қостанай педагогикалық колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» ХДП фракциясының төрайымы (келісім бойынша) |