Введите номер документа
Прайс-лист

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы» келісім (Бишкек қ., 2008 жылғы 10 қазанда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 10 октября 2008
Статус
Действующийвведен в действие с 10 октября 2008
Дата последнего измененияпятница, 10 октября 2008

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы
келісім
(Бишкек қ.,  2008 жылғы 10 қазанда)

 

ҚР Президентінің 2010 жылғы 16 наурыздағы № 947 Жарлығымен бекітілді

2010 жылғы 15 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастыгына қатысушы мемлекеттер,

өзара өңірлік және шекара маңы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,

мұндай ынтымақтастықты дамыту олардың халықтарының мүдделеріне жауап беретінін сезіне отырып,

мына төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Тараптар өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығына жауапты Келісімге қатысушы мемлекеттер министрліктерінің (ведомстволарының) басшыларынан тұратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесті (бұдан әрі - Кеңес) құрады.

 

2-бап

 

Кеңес осы Келісімге қоса берілген және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Кеңес туралы ереже негізінде өз қызметін жүзеге асырады.

 

3-бап

 

Осы Келісім депозитарий оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.

Мемлекетішілік рәсімдерді кештеу орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті хабарламаларды алған күнінен бастап күшіне енеді.

 

4-бап

 

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

5-бап

 

Осы Келісім оның ережелерін қабылдайтын және өзіне осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді қабылдауға дайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.

Қосылушы мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжаттарды алған күнінен бастап күшіне енеді.

 

6-бап

 

Тараптардың әрқайсысы депозитарийге Келісімнен шыққанға дейін кемінде 6 ай бұрын осы ниеті туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Келісімнен шыға алады.

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!