2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы ІІІ сессиясының № 35 шешімі
(2008.21.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 4 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 79 шешімімен (бұр.ред.қара); 2008.22.05. № 119 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының 2008.18.06. VІІ сессиясының № 129 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының IX сессиясының 2008.21.08. № 145 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2008 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 83 377 624 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 23 674 032 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 416544 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 59287048 мың теңге;
2) шығындар - 82 489 989 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 887 635 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 946 204 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 500 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 553 796 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операция бойынша сальдо - 1227000 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді алу - 835000 мың теңге;
6) бюджеттің дефициті - алу 1285569 мың теңге;
7) бюджеттің дефицитін қаржыландыру - 1285569 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 850 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 1177 мың теңге;
бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы - 436746 мың теңге.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 79 шешімімен (бұр.ред.қара); 2008.22.05. № 119 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының 2008.18.06. VІІ сессиясының № 129 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді