ҚР СТ 1488-2006
Өрт сөндіру техникасы. Жедел қолданылатын өрт сөндіретін аэрозоль генераторлары
Жалпы техникалық талаптары. Сынау әдістері
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Анықтамалар және қысқартулар
4. Жалпы техникалық талаптар
5. Қауіпсіздік талаптары
6. Сынау әдістері
А Қосымшасы Қабылдау-өткізу, типтік, біліктілік және мерзімдік сынақтарының бағдарламасы
Енгізілген күні 2007.01.01
1 Қолданылусаласы
Осы стандарт Қазақстан Республикасы аумағында сатылатын отандық және шеттен әкелінетін ішінде адамдар болмаған жағдайда жабық үй-жайлардағы өрттерді оқшаулауға және сөндіруге арналған пиротехникалық немесе қатты отыннан аэрозоль түзетін өрт сөндіргіш құрам негізінде жасалған жедел қолданылатын өрт сөндіретін аэрозоль генераторларына таралады.
Осы стандарт жедел қолданылатын өрт сөндіретін аэрозоль генераторларының жалпы техникалық талаптарын, қауіпсіздік талаптарын, сынақ жүргізу тәртібін және әдістерін белгілейді.
Стандарттың ережелері өнім шығаруды әзірлеуде және ұйымдастыруда, өнімді жетілдіруде және өткізуде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026 -2002 Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал таңбасы. Жалпы техникалық шарттары және қолдану тәртібі.
ҚР СТ 1167 -2002 Өрт сөндіру автоматикасы. Жіктелуі. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ* Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіретін аэрозоль генераторлары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері.
ГОСТ 2.114 -95 ҚҚБЖ. Техникалық шарттар.
ГОСТ 8.051-81 МӨЖ. Сызықтық өлшемдерді 500 мм дейін өлшеу дәлдігінің рұқсат етілетін қателігі.
ГОСТ 9.032 -88 ТЕСБЖ. Лактау-сырлау жабындары. Топтар, техникалық талаптар және белгілеу.
ГОСТ 9.303 -84 ТЕСБЖ. Металдан және неорганикалық металл емес заттардан жасалған жабындар. Таңдауға қойылатын жалпы талаптар.
ГОСТ 9.308 -85 ТЕСБЖ. Металдан және неорганикалық металл емес заттардан жасалған жабындар. Жеделдетілген тот басуға сынау әдістері.
ГОСТ 12.1.004-91 Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
ГОСТ 12.2. 003 -91 ЕҚСЖ. Өндірістік жабдықтар. Қауіпсіздігінің жалпы талаптары.
ГОСТ 12.2.037-78 ЕҚСЖ. Өрт сөндіру техникасы. Қауіпсіздік талаптары.