Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 Бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 1 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 244 бұйрығымен
Бекітілген
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет департаменттері (басқармалары) (бұдан әрі - Тіркеуші орган) беретін құжаттардың мынадай түрлерінің:
1) жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесі);
2) меншік құқығы туралы куәліктің (бұдан әрі - Куәлік) телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді.
2. Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою тәртібі