Осы редакция 2008 жылғы 18 қыркуйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар ауылы әкімінің
2008 жылғы 14 мамырдағы
№ 12 шешімімен бекітілген
10 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Балаларды патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген
отбасылардан аймақтық есепке қою
1. Жалпы қағидалар
1. Тап осы стандарт балаларды патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген отбасылардан аймақтық есепке қоюмен айналасу бойынша мемлекеттік қызмет қөрсету тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны бөлшектеніп автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 119, 120,121,122,123 бабы, 2002 жылғы 8 тамызынаң Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында баланың құқығы туралы» Заңының 27 бабының 4 пункты, 1999 жылғы 9 қырқүйектегі № 1346 «Қазақстан Республикасының қамқорлыққа алу және қамқоршылық органдар туралы, патронат туралы және ата-анасының қамқоршылығысыз қалған балалардың ортандырылған есеп ұйымдастыру ережесі туралы қағидаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметі Павлодар ауылы, Советская көшесі, 4 үйде мекенжайында орналасқан «Павлодар ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - әкім аппараты) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген отбасылардан құжаттар қабылданғаны туралы ауызша ескерту.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына қөрсетіледі (әрі қарай - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша мерзімнің шектелуі:
1) пайдаланушының қажетті құжаттарды тапсырған сәттен (тіркеу сәтінен, талон алу және т.б.) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрауды бергеннен кейін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 15-30 күнге дейін;
2) кажетті құжаттарды тапсыру кезінде (тіркеу кезінде, талон алу және т.б.) кезекте күту ең мүмкін уақыт: 25 минут дейін;