«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 Қаулысы
(2018.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 99 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 267 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЫЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 267 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2669 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде № 67 (24377) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4667 тіркелген)