Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы
Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 118 шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 10 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағы 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұсынылған Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесі бекітілсін.
2. Күші жойылған деп танылсын:
І сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХV сессиясының «Алматы қаласында жануарларды ұстау туралы Ережесін» бекіту туралы» 1997 жылғы 6 қыркүйектегі шешімінің (мемлекеттік нормативті құқықтық актілерді тіркеу реестрінде 1998 жылы 15 қаңтарда № 5 болып тіркелген);
ІІ сайланған Алматы қаласы маслихатының 2001 жылғы 4 сәуірдегі «І және ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ІХ сессиясы шешімінің 1 тармағы, (2001 жылғы 25 сәуірде мемлекеттік нормативті құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 327 болып тіркелген).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясыныңтөрағасы | Т. Есполов |
| ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты IX сессиясының
2008 жылғы 2 шілдедегі
№ 118 шешімімен
бекітілді
Алматы қаласында жануарларды ұстау туралы
ЕРЕЖЕСІ
1 бөлім.
1 тарау. Жалпы ережелер
Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, қала тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.
2. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылды: