Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 969 «Орал қаласы бойынша 2008 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 4077 қаулысы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.8.01. № 25 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 18-1 баптарын басшылыққа алып, Орал қалалық әділет басқармасының 2008 жылғы 7 қарашадағы № 1-6994 ұсынысын ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласы бойынша 2008 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 969 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-88 тіркелген, 2008 жылғы 8 мамырдағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 969 «Орал қаласы бойынша 2008 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 26 маусымдағы № 1659 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-105 тіркелген, 2008 жылғы 30 шілдедегі «Жайық үні» газетінің № 30 жарияланған), Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 969 «Орал қаласы бойынша 2008 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 24 шілдедегі № 1938 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-108 тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы «Жайық үні» газетінің № 34 жарияланған қаулылармен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1 қосымша осы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.