Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 6/857 қаулысы
Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етудің негізі ретінде тэуелсіздік, мемлекеттілік пен қоғамның бірлігін нығайту идеяларын насихаттау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне дайындалу және оны өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған іс-шаралар Жоспары бекітілсін (бұдан әрі - Жоспар).
2. Аудан әкімдері, қалалық құрылымдардың басшылары Жоспарға сәйкес іс-шаралардың дайындалуын және оның уақтылы өткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Т. Сейдумановқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінін
2008 жылғы 3 қарашадағы
№ 6/857 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне
дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
№ | Шаралар | Мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1. | Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиналыс пен мерекелік концерт ұйымдастыру | 15 желтоқсан | С.Т. Сейдуманов, О.Қ. Тазабеков, Қ.Б. Орынбасаров |
2. | «Астана» және «Абай» алаңдарында, сондай-ақ қаланың барлық аудандарында дәстүрлі көпшілік демалыс орындарында Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік шаралар, халықтың жаппай көңіл көтеруін ұйымдастыру: мерекелік бағдарламалар, жәрмеңкелер, байқаулар, спорттық жарыстар, қайырымдылық шаралары, жастардың би кештері және т.б. | 16 желтоқсан | С.Т. Сейдуманов, аудан әкімдері, Қ.Б. Орынбасаров, О.Қ. Тазабеков, Р.С. Шимашева, Б.Ш. Сапиев, Қ.С. Хайдаров, А.Ж. Нұрланов, Н.Б. Баймұханов |