Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық
мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлiктi есептен
шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрінің 26.06.02 ж. № 290; 11.02.03 ж. № 56;
20.06.04 ж. № 223 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Қаржы министрінің 11.02.03 ж. № 56 бұйрығымен тақырыбы мен мәтiнiнде сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 482 қаулысымен бекітілген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру және мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру Бағдарламасын 2000 жылға арналған iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес,
Бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлiктi есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде оның мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 1 қараша № 470
бұйрығымен
бекітілді
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық
мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлiктi есептен шығару туралы
нұсқаулық
ҚР Қаржы министрінің 11.02.03 ж. № 56 бұйрығымен нұсқаулықтың тақырыбы өзгертілді(бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 11.02.03 ж. № 56 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Қаржы министрінің 20.06.04 ж. № 223 бұйрығымен (күшіне енген жоқ) 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)