Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға
беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы
№ 1127 Қаулысы
(2008.03.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қарашадағы
№ 1127 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.28.05. № 431 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.03.11. № 1005 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Орта мерзімді кезеңге арналған
(2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге
ұсынылатын объектілердің тізбесі
| №№ | Атауы | Конкурсты ұйымдастырушы |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. ҚР Үкіметінің 2007.28.05. № 431 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |