Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1254 Қаулысы
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына, «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот шешімдерін орындау үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 195538036 теңге (бір жүз тоқсан бес миллион бес жүз отыз сегіз мың отыз алты теңге) бөлінсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1254 қаулысына
Қосымша
Орындалуы тиіс сот шешімдерінің тізбесі
Р/с № | Сот органының атауы және шешу күні | Талапкер | Мемлекеттің кірісіне мемлекеттік бажды шегергендегі сома (теңге) | Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қарағанды облысы Абай аудандық сотының 2007 жылғы 29.10. шешімі, Қарағанды облысы Абай аудандық сотының 2008 жылғы 25.04. ұйғарымы | А.В.Юрим | 150000 | 546 |
2 | Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2006 жылғы 02.06. шешімі | М.М.Айтқожин В.Г.Айтқожина | | 1030 |
3 | Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2007 жылғы 04.04. шешімі | М.А.Карамысов | | 546 |