Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа)
жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XVІ сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 172 шешімі
(2012.16.04. берілген өзгерістермен)
Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы VI шақырылған XIV сессиясының № 171 шешімімен күші жойылды
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLIII сессиясының 2010.23.12. № 440 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012.16.04. № 31 шешімімен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXVIII сессиясының 2009.23.12. № 300 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLIII сессиясының 2010.23.12. № 440 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге азаматтардың келесі санаттары әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілсін:
1) зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері он сегіз жарым айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы мен жәрдемақы алушылар;
2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;