Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 627 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі)» қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және олар ды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген міндеттеменің бір данасын алушы/импорттаушыдан міндеттеме алынған айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей қосылған құн салығын төлеуші - сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тіркеу орны бойынша салық органдарын қамтамасыз етсін.
3. «Өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша, және өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген, олар бойынша қосылған құн салығын төлеу есепке алу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 23 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4051 нөмірмен тіркелген және 2006 жылғы 3 ақпанда № 18-19 (998-999) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.