Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 4 сәуірдегі
№ 99 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу»
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 15 бабы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 22 тармағы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): жұмыссыз азаматтарды тіркеу туралы анықтама.
6. Мемлекеттік қызмет өздеріне байланысты емес себептермен табыс әкелетін еңбекпен айналыспайтын жұмысқа жарамды, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір адамдарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 10 күн;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 40 минут;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тізімдер, сондай-ақ арнайы ақпарат көздері, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық мәліметтер Бөлімнің стендтерде, www.akimat.info веб-сайтында жазылған.
10. Мемлекеттік қызмет, сенбі және жексенбі күндерінен басқа аптасына 5 күн көрсетіледі, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-18.00 дейін, үзіліс сағат 13.00-14.00 дейін. Қабылдау алдын-ала тіркеусіз жүргізіледі және жедел қызмет көрсетілмейді.