Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығы
(2013.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 644 бұйрығымен бекітілген
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру
ережесі
ҚР Премьер - Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2013.13.11. № 523 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бөлім. Жалпы ереже
ҚР Премьер - Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2013.13.11. № 523 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін, жасалу мен беру тәртібін анықтайды, олар мынадай:
республикалық, тиісті мемлекеттік бюджеттердің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы (бұдан әрі - бюджеттің атқарылуы туралы есеп);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы;