Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
№ 688 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара
іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрамы
| Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға |
| Пірматов Ғалымжан Олжаұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары |
| Қалыбеков Бекжан Жантөреұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, хатшы |
| Әлмәмбетов Әлімжан Әмірханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі |