2009 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе кейiннен меншiкке өтеусіз беру құқығымен сенiмгерлік басқаруға беруге жататын Қостанай облысы бойынша коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектiлерінің тізбесін бекіту туралы
Қостанай облысы Әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 25 қаулысы
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 327 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тендер негізінде 2009 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе кейiннен меншікке өтеусіз беру құқығымен сенiмгерлік басқаруға беруге жататын Қостанай облысы бойынша коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектiлерiнің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
№ 25 қаулысымен бекітілген
2009 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
кейiннен меншiкке өтеусіз беру құқығымен мүліктік
жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлік басқаруға
беруге жататын Қостанай облысы бойынша коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектiлерінің
тізбесі
| Р/с № | Объектінің атауы | Объектінің мекенжайы және баланс ұстаушысы |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Жалпы ауданы 1056,2 шаршы метр бұрынғы тұрмыстық комбинаты үш қабатты ғимараты | Аманкелді ауданы, Аманкелді селосы, Байтұрсынов көшесі, 39, «Аманкелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
| 2. | Жалпы ауданы 529 шаршы метр бұрынғы көкөніс сақтау қоймасының ғимараты | Жанкелдин ауданы, Торғай селосы, Тынымов көшесі, 27, «Жанкелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |