Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық
комиссияларының құрамы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 ж. 25 наурыздағы № 320 Өкімі
(2006.25.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2006.25.09. № 68 Өкімімен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Президентінің 24.10.03 ж. № 425 Өкімімен 1-тармақтың күші жойылды
1. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 қазандағы № 169 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының жаңа құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
ҚР Президентінің 21.12.02 ж. № 361 Өкімімен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының құрамы 2-7-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
3. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 120 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;".