2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 137-IV шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 14 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және облыс әкімияты ұсынған 2009 жылға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат Х сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 72 632 004 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 26 423 527 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 67 182 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 100 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 46 139 195 мың теңге;
2) шығындар - 68 506 087 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 1 046 071 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 22 000 мың теңге;
несиелерді өтеу - 1 275 971 мың теңге;
4) Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 4 059 274 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 4 062 180 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 906 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 113 614 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -1 113 614 мың теңге.
2. 2009 жылға арналған облыстық бюджет табыстары Бюджеттік кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:
Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне есептелетін сомада басқа әлеуметтік және жеке табыс салығы;
қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы, орманды пайдаланғаны үшін, жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем, жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем;
салықтық емес түсімдер: