Қарағанды қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVI сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 171 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 4 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 19 689 663 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12 056 433 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 59 584 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 1 498 781 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 6 074 865 мың теңге;
2) шығындар - 19 448 968 мың теңге;
3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 544 695 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 544 695 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы - 304 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 304 000 мың теңге:
қарыздар түсімі - 744 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 440 000 мың теңге.
2. Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы XIII сессиясының «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 175 шешімімен Қарағанды қаласы бюджетіне келесі көлемдегі аудару нормативтері бекітілді:
жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыз.
3. 2009 жылға арналған қала бюджет кірістері құрамында 2 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен бюджеттік несиелер мен мақсатты трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
4. 2009 жылға арналған қала бюджеті дамуының бюджеттік бағдарламалардың 3 қосымшасына сәйкес, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар тізімі бекітілсін.